5 жиынтықтан бастап. Сол дизайндағы форманы кейін де 5 жиынтықтан бастап қосымша тапсыруға болады.
Бір жиынтық 9 990 ₸-ден. Соңғы баға таңдалған матаға байланысты — менеджер WhatsApp-та бірнеше минутта есептеп береді.
Макет бекітіліп, төлем жасалғаннан кейін 12–14 күн. Қазақстан және ТМД бойынша жеткізу — тегін.
Тапсырыс рәсімделген кезде толық төленеді. Kaspi 0-0-12 бөліп төлеу бар — 12 айға үстеме ақысыз. Ұйымдарға, мектептер мен клубтарға шот жазып береміз.
Иә. Мектептермен, БЖСМ-мен, спорт клубтарымен және компаниялармен жұмыс істейміз — шот және жабу құжаттарын береміз.
Дизайн жасау тегін. Макет толық ұнағанша шексіз түзетулер енгіземіз.
Иә. Идеяңыз, эскизіңіз немесе суретіңіз бойынша форманы нөлден саламыз — клуб түстерінде, логотип, тегі және нөмірімен. Каталогтағы кез келген модельді де өзгертуге болады. Толығырақ — «Жеке дизайн» бетінде.
Каталогтан дизайн таңдаңыз немесе идеяңызды сипаттаңыз, команда логотипін және тегі, нөмірі, өлшемі көрсетілген тізімді жіберіңіз. Біз макет дайындаймыз, бекітілгеннен кейін өндіріске жібереміз.
Ең дұрысы — векторлық форматта (PDF, AI, EPS, SVG, CDR). Мөлдір фондағы сапалы PNG да жарайды. Логотиптің тек суреті болса — жіберіңіз, шешеміз.
Жоқ. Тек командаңыздың және демеушілеріңіздің логотиптерін басамыз.
Кез келген — әр ойыншыға, оның ішінде балаларға да тігеміз. Бір тапсырыста ересектер мен балалар жиынтықтарын біріктіруге болады.
Төрт түрі бар: джерси, сетка, полимеш және петек. Барлығы — 100% полиэстер, тыныс алады, тез кебеді және сублимацияға жарамды. Толығырақ — «Маталар» бетінде.
Иә, бүкіл Қазақстан және ТМД елдері бойынша тегін жеткіземіз.
Өтінім қалдырыңыз — менеджер хабарласып, командаңызға баға есептеп береді.
Сенің ойының. Сенің мінезің. Сенің формаң.